ЖАҢАЛЫҚТАР

AlmaU және БҰҰДБ-ң акселератор зертханасының ынтымақтастығы

31 қаңтарда AlmaU-да БҰҰДБ Зертханасының акселераторының инновациялық зерттеулер бөлімінің басшысы – Ерасыл Қалихан және БҰҰДБ зертханасының акселераторының жаңа шешімдерді табу бағытының жетекшісі – Айжан Қапышевамен кездесу өтті. Кездесуде БҰҰДБ акселератор зертханасының өкілдері Алматы Менеджмент Университетінің «Креативті индустрия орталығы», «Медиа және кино мектебі», «Кәсіпкерлік және инновациялар мектебі», «Урбанистика орталығы» жұмысымен танысты.

Кездесуде Қазақстанда жаңа мамандықтардың пайда болуы, өңірлердегі креативті кәсіпкерлердің цифрлық қабілеттерін дамыту, қалалық әлеуметтану тақырыптары талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

2023-02-02