rajaslot303 game demo slot pg 2024 anti lag jos168 slot demo selotgacorku jos168 slot vietnam shio168 shio168 slot dana pelita168
news at AlmaU

ЖАҢАЛЫҚТАР

Creative Hubs in Kazakhstan – Қазақстандағы креативті кеңістік иелерімен және мемлекеттік қызметкерлермен воркшоп өтті

2022 жылдың 11 наурызында AlmaU Креативті индустриялар орталығы British Council қолдауымен Қазақстандағы креативті хабтар мен кластерлердің дамуы тақырыбында онлайн воркшоп өткізді. Іс-шарада еліміздің креативті хабтарының  басшылары мен осы салаға жауапты мемлекеттік органдар өкілдері, сонымен қатар креативті индустрия саласындағы халықаралық және жергілікті сарапшылары қатысты.  Шара барысында хабты дамыту жолындағы Британдық сәтті  деген кейстері ұсынылды:

  1. Марк Лоулер –Baltic Creative креативті хабтың басқарушы директоры. Марк ұзақ уақыт бойы меншікті басқару саласында жұмыс істейді және ол осы тәжірибесін Ливерпуль қаласындағы «Балтық үшбұрышы» деп аталатын аймақты дамытуға қолданды, әсіресе әлеуметтік бастамаларды коммерцияландыруды қолдауға баса назар аударды. https://www.baltic-creative.com  
  2. Нил Кирби – Саусварк, Лондон аймақтарын қалпына келтіру бөлімінің жетекшісі. Нил Лондонның оңтүстік өңіріндегі тұрғын үй және экономикалық реттеуге жауапты басқарманы жетекшісі, және Pecham Levels креативті хабтың қадағалаушысы  - https://peckhamlevels.org/about-peckham-levels/

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстандағы креативті хабтарды құру бойынша ұсыныстар әзірледі. Басқару және қаржыландыру үлгілері талқыланды. Осы талқылау аясында алынған ұсыныстар Британдық Кеңестің 2022 жылдың көктемінде орыс және қазақ тілдерінде басып шығаратын креативті хабтар мен кластерлерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулығына негіз болады.

Воркшоптың барлық материалдарын, сонымен қатар презентацияларды мына сілтемеден табуға болады Все материалы воркшопа, в также презентации можно найти по данной ссылке - https://drive.google.com/drive/folders/1ebrwkqSUBN9EhqcT9UOHQ1JNHudLmiEQ?usp=sharing

2022-03-15